Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Оқиға 26 сәуірде таңғы сағат 4:30 шамасында болды. Скутерді курьер болып жұмыс істейтін ер адам тізгіндеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Желтоқсан көшесінің бойында скутердің жүргізушісі рөлді басқара алмай, салдарынан көлік құралы жеке тұрғын үйдің темір қоршауына кіріп кеткен.
Апат салдарынан ер адам жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.
Полицияда болған оқиғаның мән-жайы белгіленеді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде»,-деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.