Зардап шеккендер жоқ
Ақтөбе облысы Хромтау ауданында азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Самара-Шымкент» тас жолының 815 шақырымында Мәскеу-Худжанд бағыты бойынша 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртенді.
Өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.