Оралдағы көпқабатты үйдің бірінен әйелдің мәйіті табылды

Автор: Аманалина Тоғжан

Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр

Фото: istockphoto.com

Оралда пәтерден әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 25 сәуірде әйел өз пәтерінде өлі күйінде табылды.

Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Өзге ақпараттар жария етілмейді.