«Бөшкеден сұйықтық төгілген»: Шымкентте жеке тұрғын үй секторы аумағында 22 адам уланып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Зерттеу қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады

Фото: Әсет Құндақбаев

Оқыс жағдай Еңбекші ауданындағы тұрғын үй секторы аумағында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігіне тиелген 800 литрлік темір бөшкеден сұйықтық төгіліп, газ бен бу ауаға тараған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Осының кесірінен тұрғындардың жүрегі айнып, өздерін жайсыз сезінген. Зардап шеккендер алғашқы медициналық көмек алып, токсикология орталығына жеткізілді. Дәрігерлерлік тексерістен кейін бәрі үйлеріне жіберілген. Экологтар мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары сұйықтық төгілген аумақтан сынама алып, зертханалық талдаулар жүргізді. Болжам бойынша ауада аммиак, пропан, метан, көмірсутекті мұнай газының артық мөлшері бар. Зерттеу қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады.

«Жалпы 13 науқас жедел-жәрдеммен, қалған науқастар өз бетінше бізге келіп көмекке жүгінді. Соның ішінде біз 9 науқасқа стационарлық ем көрсеттік. Олардың бәрі үйлеріне амбулаторлық учаскелік дәрігерлердің бақылауына қайтарылды. Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ», - деді қалалық гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермағанбетова.