Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлайды
Алматы қаласындағы лаундж барлардың бірінде арнайы операция өтіп, кальян жасайтын 21 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Дереккөзіне сүйенсек, операцияға Алматы прокуратурасы бастамашы болған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері лаундж барда кальян әзірлейтін жігітті есірткі сатқаны үшін ұстаған.
«Арнайы операция кезінде жұмыс орнында синтетикалық «мефедрон» есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды», - деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.