Оқиға «Арбат» маңында болды
Алматыдағы «Арбатта» серуендеп жүрген тұрғындарға белгісіз адам көзден жас ағызатын спрей шашқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиғаның видеосын egov.press Telegram-арнасы жариялады.
Аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық жерде бұрыш спрейін шашқан бұзақының жеке басы анықталып жатыр. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады, – делінген хабарламада.