Полиция тексеріс жүргізіп жатыр
Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 сәуірде Аққулы ауданындағы Омбы-Майқапшағай автожолында Шевролет Кобальт маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылды, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Оқиғаға қатысты сараптама тағайындалды, тексеріс жүргізіліп жатыр.