Ақтауда әйелін аяусыз сабаған ер адам қамауға алынды

Автор: Аманалина Тоғжан

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Видео: lada.kz

Ақтауда әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, ер адамның әйеліне шабуыл жасаған сәті көпқабатты тұрғын үйдегі бейнекамераға түсіп қалған. Ол кәмелет жасқа толмаған балаларының көзінше әйелін аяусыз ұрып-соққан