Өрттің себебі анықталып жатыр
Қостанай қаласында құрылыс материалдары мен тұрмыстық химиясы бар қойма өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 13:31-де басталған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен қажетті техника жұмылдырылған.
Өрт сөндірушілердің күшімен қызыл жалын сағат 14:31-де оқшауланды.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің ауданы – 1500 шаршы метр.
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өрттің себебі анықталып жатыр.