Өскемен қаласының тұрғыны досының нұсқауымен ұрлыққа барған

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адамға үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Фото: istockphoto.com

Ұры тұрғын үйге кіріп, жалпы сомасы 700 мың теңгеден асатын бағалы тон мен аяқ киімді қолды қылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыскердің айласын іске асыруға танысы көмектескен. Нақтырақ айтқанда, әйел ұрыға жәбірленушілердің үйін көрсетуге және қай уақытта үйде адам болмайтынын айтуға келіскен.

Осылайша қылмыскер аталған үйге жуынатын бөлме арқылы кіріп, бағалы сыйлықтарды ұрлап кеткен.

Үй иелері заттарының жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Тергеу барысында ұрлықты кім және қалай жасағаны анықталды.

Ер адамға үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.