19.04.2024, 12:41
Оқиғалар
Петропавлда молданы ұрған белсенді қамауға түсті
Оқиға Қызылжар мешітінде болған
Фото: видеодан кадр
Петропавлда молданы соққыға жыққан ер адам 15 күнге қамалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ресми емес ақпараттарға сүйенсек, белсенді Қызылжар мешітінде су басқан аймақтарға гуманитарлық көмектің таратылып жатқанын видеоға түсірген. Оның әрекеті имамға ұнамай, оған ескерту жасаған. Содан кейін ер адам молданы екі рет бетінен жұдырықпен салып қалған.
«Азамат Р-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, азамат кінәлі деп танылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - делінген сот хабарламасында.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды