Тауардың құны – 55 млн 932 мың теңге
17 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының «Сырым» өткізу бекетінде медициналық қорғаныс құралдарын шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы қаласынан Ресей астанасы Мәскеуге бет алған «Volvo» жүк көлігін қарау кезінде көлік есігіндегі қорғасын мөрдің жапсырылуынан шекарашылар секем алады. Кузовты ашып, тыңғылықты тексеру барысында бірдей көлемдегі 119 қорап күдік туғызады. Өйткені қораптардың саны ілеспе құжатта көрсетілген мәліметтермен сәйкес емес еді. Қағаз қораптардың ішінен 462 мың дана бір реттік медициналық маска табылды», - деп жазылған хабарламада.
Тауардың құны – 55 млн 932 мың теңге.