17.04.2024, 21:09
Оқиғалар
Астанада 8-сынып оқушысы мектепте төртінші қабаттың терезесінен секіріп кетті
Қазір оқыс оқиғаға не түрткі болғаны анықталып жатыр
Фото: istockphoto.com
Бүгін, 17 сәуірде Астанадағы № 72 мектеп-лицейдің сегізінші сынып оқушысы білім ордасының төртінші қабатындағы терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласы білім басқармасының хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шақырылды, қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр.
«Зардап шеккен жасөспірімнің миы шайқалған, кеуде және қарын тұстында жарақаттары бар, оң иық асты сүйегі мен оң аяғы сынған. Жалпы жағдайы ауыр (алған жарақаттарына байланысты), тұрақты деп бағаланады. Баланың жағдайы дәрігерлердің бақылауында», - делінген хабарламада.
Қазір оқыс оқиғаға не түрткі болғаны анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)
02.10.2026, 09:26
Бүйректің қатерлі ісігіне қарсы вакцина әзірленді: ол өлім аузында жатқан 9 адамды емдеп шықты