Елде 8-14 сәуір аралығында 122 адам ажал құшқан
Бангладештің орталығында автобус пен жеңіл көлік соғылып, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жол апаты жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де Фаридпур округінде болған. Ол ел астанасы Даккадан шамамен 101 км қашықтықта орналасқан. Бұл туралы округтің полиция бастығы Мұхаммед Моршед Алам хабарлаған.
«Автобус қарсы бағыттан келе жатқан пикаппен соқтығысып, сол жерде 11 адам қаза тапты», - деді ол.
Ауруханаға жеткізілгеннен кейін тағы екі адам көз жұмған.
Қаза тапқандардың барлығы пикаптың жолаушылары болған. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.
Синьхуаның мәліметінше, Бангладештің жол көлігі басқармасының мәліметі бойынша, 8-14 сәуір аралығында елде Құрбан айт мерекесі мен бенгал жаңа жылы тойланған кезде кем дегенде 122 адам қаза тауып, тағы 195 адам апаттан зардап шеккен.