Сот отырысында Альмира Нұрлыбекова алғаш рет сөз сөйледі
Бүгінгі сот отырысында Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова алғаш рет сөйледі. Ол судьядан ресейлік мамандар ұсынған сараптама қорытындысын айғақ ретінде қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Менің ойымша, егер сіз біз ұсынған мәскеулік маманның қорытындысын қабылдамасаңыз, мен ұлымның өзін қорғауы үшін берілген конституциялық құқығы шектеліп жатыр деп есептеймін. Сондықтан соттан, прокурорлардан, жәбірленушілерден мені ана ретінде түсінуін сұраймын», - деді Бишімбаевтың анасы.
Айта кетсек Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында айыпталушының адвокаттары қазақстандық және ресейлік мамандар жасаған сараптаманы дәлел ретінде іске қосуды сұраған болатын. Бірақ прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтың адвокаттарының өтінішін қанағаттандырмауды сұрады.