Сот отырысында судьяның сөзін бөліп, бірнеше рет ескерту алған адвокат Ерлан Ғазымжановқа қаулы шығарылуы мүмкін
Судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановқа қаулы шығаруы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сот отырысында судьяның сөзін бөліп, бірнеше рет ескерту алған адвокат Ерлан Ғазымжановтың тәртібін талқылау үшін сот үзіліске кетті.
«Сот отырысында сотқа қайта-қайта құрмет танытпаған қорғаушы Ғазымжановқа жеке қаулы шығару туралы мәселе талқылайды», - деді судья Айжан Құлбаева.