«Жағаға орала алмаған»: Жетісу облысында кәмелетке толмаған балалар құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ

Бейнеден кадр

Жетісу облысында кәмелет жасқа толмаған балалар құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу облысы ТЖД құтқарушылары Үйтас саяжай қоғамы ауданындағы Қаратал өзенінде ересектердің қарауынсыз шомылып, өзеннің ортасындағы аралға жүзіп барып, өз бетінше жағаға орала алмаған екі кәмелетке толмаған баланы құтқарды.

2011 жылғы балалар жағаға жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.