13.04.2024, 20:15
Оқиғалар
Қызылорда облысында білім беру орталығы өртеніп, 60 адам эвакуацияланды
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Фото: қызылорда облыстық ТЖД
Қызылорда облысы Арал ауданындағы олимпиада білім беру орталығы өртеніп, тілсіз жаудан 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 13 сәуірде сағат 04.27-де Арал ауданына қарасты Қамыстыбас елді мекеніндегі «Қамбаш олимпиада білім беру орталығы» моншасында өрт шыққан. Онда ішкі ағаш қаптамалары жанған.
«Орталықта болған 60 адам өз күшімен эвакуацияланды. Өрт сағат 05.40-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті және департаменттің жедел-құтқару жасағынан 12 қызметкер мен 3 техника жұмыс істеді», - делінген ТЖД хабарламасында.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды