Қалаға Астана мен Көкшетаудан 5 литрден 16 фура су жөнелтілді
Петропавлға ауыз су жөнелтіліп жатыр. Қазір елуден астам көлік қала бойынша су тасымалдап жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Петропавлдың азық-түлік сауда орындары бөтелкедегі суды қосымша сатып алды. Астана мен Көкшетаудан «Магнум» супермаркеттеріне 5 литрден 16 фура, «Aimer» супермаркеттеріне 4200 дана бөтелкедегі су жіберілді. Сондай-ақ, 5 литрден 200 бөтелке және 60 паллет бөтелкедегі су «Северный» сауда желісінің қоймаларына жіберілді», - деп хабарлады ведомство.
Еске салсақ, бүгін Петропавлдағы «Қызылжар су» ЖШС сорғы станциясы тоқтан ажырап, қала тұрғындары сусыз қалған еді.