Өскеменде 7 жасар бала атасының қолынан қаза тапты

Автор: Темірхан Айжан

Оқиға 22 наурызда болған 

Фото: Istockphoto

Өскеменде атасы 7 жасар немересін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news-ке сілтеме жасап.

ШҚО полициясы қайғылы оқиғаның 22 наурызда болғанын хабарлады.

«Қазір күдікті қамауда отыр. Ол қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі «жас баланы өлтіру» фактісі бойынша тергеліп жатыр», - делінген хабарламада.