Су тасқыны басталғаннан бері 99 мың адам қауіпсіз жерге кеткен
Қазақстанның өңір-өңірінде су тасқынына байланысты баспанасын тастап кеткен халықтың 9 мыңнан астамы үйлеріне оралды. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оның айтуынша, су тасқыны басталғалы бері 99 920 адам қауіпсіз жерге көшкен. Оның ішінде, 36 593 бала бар.
«Су тасқыны басталғалы бері 99 920 адам, оның ішінде 36 593 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пунктеріне 6 566 адам, оның ішінде 3 194 бала орналасты», - Ерасыл Сайпаш .
Айта кетейік, Жабай, Боқсық, Жолболды, Қалқұтан, Есіл, Торғай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысының Атбасар, Бұланды, Астрахан, Жақсы аудандарының 12 елді мекенінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының 6 елді мекенінде, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 673 адам алдын ала эвакуацияланды.