Алматы әуежайында жас жігіт 7 млн теңгенің дүниесін қолды еткен

Автор: Azattyq Rýhy

Ол көбіне халықаралық рейстен түскен жолаушылардың жүктерін тонап отырған

Фото: polisia.kz

Алматы әуежайының жүк сақтайтын қоймасында жұмыс істеген 29 жастағы жүк тасушы жолаушылардың қымбат дүниелерін ұрлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ол көбіне Алматы-Дубай, Алматы-Прага және Алматы-Гонконг бағытындағы рейстің жолаушыларын тонаған.

 «Ұсталған азамат әуежайдың уақытша сақтау қоймасында жүк тиеуші болып жұмыс істеп жүріп, осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жалпы сомасы 7 645 371 теңге құрайтын мүлікті ұрлаған», - деп хабарланған ақпаратта.

Тергеу аяқталған соң, Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырғаны анықталып отыр.