Атырау облысында полицейлер жоғалған ер адамды дронның көмегімен тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оған медициналық көмек қажет болмады

Видеодан алынған кадр

Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нәтижесінде Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты.

Ер кісінің жағдайы тұрақты, туыстарының жанында.