«Павлодар-Түркістан» пойызының жолсеріктері бір әйелді босандырып алды

Azattyq Rýhy

Нәресте 10 сәуір, сағат 16:30-да дүниеге келген

«Павлодар-Түркістан» пойызының жолсеріктері бір әйелді босандырып алды
Фото: ҚТЖ

«Павлодар-Түркістан» бағытындағы жолаушылар пойызының екі жолсерігі толғағы қысқан жолаушы әйелді аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды Azattyq ruhy «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Айы-күні жеткен Зейнеп Әбдікәрімова №46 пойызға мініп, анасымен бірге Павлодардан Түркістанға жолға шыққан. Алайда, жолда толғата бастаған. Вагонның екі жолсерігі Анар Амандықова мен Назерке Талғарбаева әйелді аман-есен босандырып, қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз бала 10 сәуірде сағат 16:30-да дүниеге келді.

«Пойыз бригадасы жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырған. Сары-Шаған станциясына жеткенде, жас ана мен қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алды. Жаңа туған нәрестенің есімін Мереке деп атаған», - дейді хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 13 сәби дүниеге келген екен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.