Қазір сот тікелей эфирді тоқтатып, жабық режимде талқылауға көшті
Астана сотында қылмыстық ісі қаралып жатқан Қуандық Бишімбаевтың адвокаты судья өтініштерін қанағаттандырмағаны үшін, оны істен шеттетуді талап етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазір сот тікелей эфирді тоқтатып, жабық режимде талқылауға көшті. Ақпарат толықтырылып жатыр.
Айта кетсек, 11 сәуірде жалғасын тапқан сот отырысына Бишімбаевтың адвокаттары Назкен Құсайынова мен Ләйла Рамазанова кешігіп қалды. Судья олардың сот залына кіруіне рұқсат берген жоқ.