Аудио 2023 жылы 9 қарашада Bau мейрамхансында жазылған
Бишімбаев ісі қаралып жатқан елорданың ауданаралық сотында Салтанат Нүкеноваға алғашқы көмек көрсетілген сәттің аудиосы тыңдалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аудио 2023 жылы 9 қарашада Bau мейрамхансында жазылған.
Жәбірленуші тарап полицейлердің төс жетонына жазылған видеоларда Нүкенованың жалаңаш жатқан денесі көрінетін тұстарды көрсетпеуді сұрады.
Аудиожазбада жедел-жәрдем шақырылғаннан кейінгі пациентке алғашқы көмек көрсету сәтінің жазбасы естіледі. Жедел-жәрдем көлігі келгенше, диспетчер алғашқы көмек көрсету әдісін телефон арқылы айтып тұрған. Аудионың ұзақтығы бірнеше минутқа жалғасқан.