Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Көліктің барлық түріне шектеу қойылды

Фото: primeminister.kz

Еліміздің екі облысында су тасқынына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтожолға сілтеме жасап.

  • Қостанай облысы бойынша:

2024 жылғы 6 сәуірде сағат 19:20-да еріген судың жинақталуы және су тасу қаупі салдарынан “Екатеринбург-Алматы” тас жолының 686-729 шақырымы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы учаскесі) аралығында көліктің барлық түріне шектеу қойылды.

  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

2024 жылғы 6 сәуірде сағат 19:00-де еріген судың жинақталуы және су тасу қаупі салдарынан “Екатеринбург-Алматы” тас жолының 726-768 шақырымы (Тоқсан би ауылы - Қостанай облысының шекарасы учаскесі) аралығында көліктің барлық түріне шектеу қойылды.