«Екі бала өлімі»: Қарағанды облысында күдікті әйел ұсталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Күдікті ретінде балалардың анасы ұсталды

Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында екі баланың денесі табылды. Олардың өліміне туған анасы күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

4 сәуірде Бұқар Жырау ауданының елді мекендерінің бірінде зорлықпен өлтірілген 2-4 жастағы балалардың денесі табылды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

«Қылмыс жасады деген күдікпен олардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Істі облыс ПД бастығы бақылауға алды.