Ол су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу үшін Түркістан облысына келген
Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайрам ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Балданов ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құтқарушы 2 сәуірге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласында қайтыс болды. 1978 жылы туған ер адам миокард инфарктісінен көз жұмды.
«Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келді. Сол күні кешке нашар сезініп, ауруханаға түсті. Санавиация оны Петропавл қаласындағы ауруханаға жатқызуға дайындалған еді», - делінген СҚО ТЖД хабарламасында.
СҚО ТЖМ және ТЖД командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтты.