БҚО-да су тасқынына қарсы шараларды жүргізу барысында 26 жастағы құтқарушы пышақ жарақатын алды

Автор: Azattyq Rýhy

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған

Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу барысында 26 жастағы құтқарушы пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды.

Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.