СҚО-да мектеп шатырын тазалап жүріп құлаған ер адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адамның кенеттен өліп кетуіне жүрек ауруы себеп болған екен

Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында мектептің шатырын қардан тазалап жүрген білім ордасының шаруашылық меңгерушісі құлап, қайтыс болды,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс жағдай Ғабит Мүсірепов ауданының Сокологоровка орта мектебінде орын алған.

Білім басқармасының мәліметінше, сағат 12.00 шамасында мектеп шатырының қарын түсіруге шаруашылық меңгерушісі мен жұмысшы мінген.

Шамалыдан кейін 62 жастағы шаруашылық меңгерушісі оқыста төбеден құлаған.

«Ер адамның кенеттен өліп кетуіне жүрек ауруы себеп болған екен. Өлім туралы медициналық куәлікте ер адамның миокард инфарктін алғаны көрсетілген», - делінген ақпаратта.