Астанада автобус өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

Бейнеден кадр

Астанадағы «Премьера» тұрғын үй кешені маңындағы Қабанбай батыр көшесінде автобус өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана ТЖД мәліметінше, құтқарушылар өртті ауыздықтаған.

«30 наурызда сағат 14:27-де Астана ТЖД өртсөндірушілері Қабанбай батыр даңғылы 5/3 мекенжайы бойынша автобус жанып жатқан жерге шықты. Өртсөндірушілер жеткеннен кейін автобустың қозғалтқышы жанып жатқанын анықтады. 14:35-те өрт оқшауланды, 14:40-та өшірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.