Астанада жұмыс берушілердің зергерлік бұйымдарын ұрлаған үй күтушісі ұсталды

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта пәтер ұрлығының төрт фактісі анықталды

Астанада жұмыс берушілердің зергерлік бұйымдарын ұрлаған үй күтушісі ұсталды
Фото: istockphoto.com

Астанада бірнеше ұрлық дерегі бойынша күдікке ілінген үй күтушісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс берушілердің алтын бұйымдарын үптеу күдігімен үй күтушісі ұсталды. Қазіргі уақытта пәтер ұрлығының төрт фактісі анықталды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер жәбірленушілерде жұмыс істеген 25 жастағы қызды анықтады. Арнайы ұсыныс бойынша жұмыс берушілердің үйіне келіп, олардың сеніміне әбден кірген. Үйде аз уақыт жұмыс істегеннен кейін, ол құнды заттарды үптеп, ломбардқа тапсырған», - деп хабарлайды қалалық ПД.

Зергерлік бұйымдардың жоғалғанын бірден байқамаған жәбірленушілер кейін полицияға жүгінген.

«Осы факті бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, ломбардтардан алтын бұйымдар алынды. Күдікті барлығын мойындады. Ұсталған адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - делінген хабарламада.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды бейтаныс адамдарға сенбеуге және бағалы заттарды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.