Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты электр қуаты істен шығуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Диспетчерлік пункттер тәулік бойы жұмыс істеуде

Фото: freepik.com

Қалада ауа райының нашарлауына байланысты электр қуатында, оның ішінде сыртқы жарықтандыру желілерінде ақаулар болуы мүмкін. «Алматы Қала Жарық» және «Алатау Жарық Компаниясының» апатты бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Кезекші бригадалар барлық өтініштерге жедел ден қойып, ақауларды тез арада жою үшін жұмыс істейді.

«Барлық ажыратулар туралы ақпаратты «АЖК» АҚ ресми сайтынан алуға болады www.azhk.kz, Алматы қаласының электр энергиясын ажыратудың интерактивті картасы бөлімінде. Электрмен жабдықтаудың үзілу себептеріне қатысты ақпаратты жедел ұсыну мақсатында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «Байланыс орталығына» 356-99-99 телефоны бойынша хабарласуды ұсынамыз.Сыртқы ажыратулар болған жағдайда: 8771-718-24-39, 8771-718-24-56, 390-20-40, 390-20-60 «Алматы Қала Жарық», - делінген хабарламада.

Диспетчерлік пункттер тәулік бойы жұмыс істейді.