Оқиға салдарынан үш адам көз жұмды
Алматы облысы аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 2460-шы шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Оұыс оқиға 23 наурызда сағат 14:45 шамасында болды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, «Daewoo» көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.
«Осы оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Оқиға орнында тиісті жол белгілері орнатылды», - делінген хабарламада.