Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Бүгін сағат 17:10-нан бастап Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша цехта шыққан өртті сөндіруге аттанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге және көрші үйлерді қорғауға өрт оқпандары қолданылды, өртке қарсы автоцистерналар су көздеріне қосылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
«Өрт сөндірушілердің күшімен 500 шаршы метр алаңдағы өрт сағат 18:25-те оқшауланып, 18:40-та толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.