Жол-көлік оқиғасы Павлодар - Успен тас жолында болған
Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 наурыз күні сағат 08:45 шамасында «MAN» және «Лада» автомашиналарының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Апат салдарынан «Лада» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалды.