Алматы облысында «Бентли» жүргізушісі блок-бекетті елемей өтіп кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Азаматтар өздерінің бұл әрекеттерін әлеуметтік желіге жариялаған

Алматы облысында полицияның тосқауыл бекетін елемей өтіп кеткен «Бентли» маркалы автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz

«Төтенше жағдай режимін бұзу дерегі бойынша «Бентли» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 1985 жылғы Х. есімді азамат пен 1990 жылғы К. есімді жолаушы анықталды. Олар осы оқиғадан кейін ҚР ӘҚБК-ның 476-бабында көзделген құқықбұзушылық белгілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаменті.

Айта кететін жайт, азаматтар өздерінің бұл әрекеттерін әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл бейнежазба құқық бұзушылардың кінәсінің толық дәлелі болып табылады.

Іс жүзінде шешім қабылдау үшін екі азаматқа қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдары сотқа жіберілетін болады.