15 сәуірдің 09:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 29 адам тiркелді: Атырау облысында – 1 адам, Шымкент қаласынды – 1 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 3 адам, Қарағанды облысында – 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 9 адам, Алматы қаласында – 6 адам. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
Қазіргі таңда елімізде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 1261 адамға жетті.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 291 адам, Алматы қаласында – 364 адам, Қарағанды облысында - 80 адам, Ақмола облысында - 79 адам, Атырау облысында - 70 адам, Жамбыл облысында - 49 адам, Шымкент қаласында - 40 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 24 адам, Ақтөбе облысында - 12 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 26 адам, Павлодар облысында - 11 адам, Маңғыстау облысында - 11 адам, Қызылорда облысында - 124 адам, Батыс Қазақстан облысында - 18 адам, Түркістан облысында - 49 адам, Қостанай облысында - 5 адам, жалпы 1261 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.