Қызылордада пәтерде құлыпталып қалған балалар құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетті

Бейнеден кадр

Қызылордада пәтерде құлыпталып қалған балалар құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

17 наурызда Қызылорда қаласы Қорқыт ата көшесіндегі үйдің 56-пәтерінің тұрғынынан есігі құлыпталып қалған пәтерде кішкентай балалар қалып қойғаны жөнінде хабарлама түсті.

Хабарламаға сәйкес, Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дер кезінде оқиға орнына жедел жетіп, есікті ашты.

Бөлме ішінде құлыпталып қалған балалардың жағдайы жақсы екені анықталды. Пәтер иесі құтқарушыларға өз алғысын жеткізді.