Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлері адасқан бүлдіршінді қоқыс арасынан тауып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ

Бейнеден кадр

Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлері түнгі уақытта қоқыс арасынан адасып кеткен баланы тауып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Elitar.kz-тің жазуынша, жедел жәрдем қызметкерлері түнгі 22:00 шамасында қоқыс маңында жалғыз жүрген 2-3 жасар баланы байқаған.

«Қатты суықта тоңып жылаған бүлдіршінді дәрігердер дереу жылы киіндіріп, көлікке отырғызды. Кейін бірден полиция шақырған. Сөйтіп, бүлдіршін өзін шарқ ұрып іздеп жүрген анасына табысталды», - делінген жазбада.

Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.