Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданында 2 қабатты ғимараттың жертөлесінен өрт шықты. Төтеншеліктердің мәліметінше, ағаш қаптама отқа оранған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД күшімен ғимараттың 2-қабатының балконынан баспалдақ арқылы 5 адам құтқарылды. Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Оқиға орнында жеке құрамның 30 адамы және 7 бірліктен астам техника жұмыс істеді.