Тағы екі адам Мұнайшы ауылының медициналық мекемесіне түрлі жарақаттармен жеткізді
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін, 16 наурызда «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 733-шақырымында жеңіл және жүк көліктері соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota маркалы автомобиль жүргізушісі жылдамдықты асырып, Shacman маркалы жүк көлігіне соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екеуін Мұнайшы ауылының медициналық мекемесіне түрлі жарақаттармен жеткізді.