Ұлытау облысында жолда қалып қойған төрт жұмысшы құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар Жезқазған қаласынан Шалакөл кен орнына жол жүрген

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

13 наурыз күні сағат 22:35-те Жезқазған қаласынан 320 шақырым қашықтықта ТЖД күштерімен 4 жұмысшыны іздеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар таңғы уақытта 4 жеңіл автокөлік және 1 трактормен Жезқазған қаласынан Шалакөл кен орнына жол жүрген.

«Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 14 наурыз 07-30-да жоғалған адамдар оңтүстік-батыс бағытта Жезқазған қаласынан 180 шақырым жерден табылды», - делінген хабарламада.