15.03.2024, 15:00
Оқиғалар
Петропавлда өртенген саяжай орнынан бір адамның денесі табылды
Қайғылы оқиға бүгін Новопавловка кентінде болған
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Петропавлда саяжай өртеніп, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 15 наурызда Новопавловка кентінде болған.
«Саяжай үйінде өрт болып, салдарынан шатыры құлады. Өрт орнында 1968 жылы туған үй иесінің денесі табылды», - делінген хабарламада.
Сағат 12.17-де өрт оқшауланды, сағат 12.32-де жойылды.
Өрт орнында 7 адам және 2 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
15.07.2026, 12:33
Тараздан Норвегияға көшіп кеткен екі қыз әкелерінің қайтыс болғанын тек төрт айдан кейін естіген
15.07.2026, 14:20
Алматыда көпшілік алдында дипломын жыртып жіберген студент ұстаздарынан кешірім сұрады (ВИДЕО)
15.07.2026, 09:44
Түркияда қаза тапқан Қазақстан азаматын АҚШ-тағы атақты киллер тапсырыспен өлтірген болып шықты (ВИДЕО)