Шу қаласының тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тәркіленді

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысының тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Шу қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады. 

Жедел қызметкерлер ұсталған адамның үйін тексеру кезінде шөп қорасынан тыйым салынған заттардың жасырынған орнын тапты. 3 қап пен 1 пакеттің ішінде 28 келі 920 гр кептірілген марихуана, 980 гр гашиш сақталған. Сондай-ақ каннабисті ұнтақтауға арналған елек пен электрондық таразыны табылды.

«Бұл деректі анықтау көп мөлшердегі есірткінің таралуының алдын алуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындады», – деді Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.