Қайғылы оқиға бүгін Новопавловка кентінде болған
Петропавлда саяжай өртеніп, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 15 наурызда Новопавловка кентінде болған.
«Саяжай үйінде өрт болып, салдарынан шатыры құлады. Өрт орнында 1968 жылы туған үй иесінің денесі табылды», - делінген хабарламада.
Сағат 12.17-де өрт оқшауланды, сағат 12.32-де жойылды.
Өрт орнында 7 адам және 2 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.