Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Астана полициясы тұрғыннан 2,6 келі есірткі тәркіледі. Қала аумағына есірткі заттарын жеткізіп, сататын тұрақты арна жойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері күдікті ретінде 32 жастағы ер адамды ұстады. Оның көлігін тінту кезінде белгілі иісі бар зат салынған полиэтилен пакетін табылып, тәркіленді. Тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында ерекше иісі бар ақшыл түсті зат және электронды таразы бар 76 полиэтилен пакеті табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, елорда тұрғынынан тәркіленген заттар мефедрон, каннабис шайыры, марихуана есірткі заттары екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2,6 келіні құрады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.