Павлодарда әйел адам іздестіріліп жатыр

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген

Фото: Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінен

Павлодар облысында алаяқтыққа күдікті әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция іздеуде жүрген адамның суретін әлеуметтік желілерде жариялады.

«Тұрғындардың назарына! Бұл азамат жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр», - деп хабарлады ПД.

Оның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен немесе осы фактілер бойынша қандай да бір ақпаратқа ие кез келген адам полицияға 102 немесе 8-707-916-17-17 телефондары арқылы хабарласа алады.