$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Салық қызметкері декларация тапсырған қазақстандықтардың атынан несие рәсімдеген

Ол жеке және биометриялық деректерді өзінің ұялы телефонына түсіріп отырған

Салық қызметкері декларация тапсырған қазақстандықтардың атынан несие рәсімдеген
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Қосшы қаласының прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкерімен жасалған 5 интернет-алаяқтық дерегі ашылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде жәбірленушілерге микронесиелер рәсімдеп өзінің шотына аударған», - делінген Ақмола облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Сондықтан облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпаратты жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет», - деп атап өтті құзырлы орган өкілдері.

Серіктес жаңалықтары